Тарихымыз
А. Байтұрсынов атындағы №1 жалпы орта мектебінің ғасырдан аса тарихы бар. Алғаш рет қазақ тілін, әдет-ғұрпын, ислам дінінің қағидаларын жақсы білетін ғалым И. Яковлев 1898 жылы орыс-қазақ мектебі ретінде ұйымдастырып ашты. Білім ұясы 1918-1920 жылдары А. Чехов атымен аталды. 1924 жылдан бастап кеңес көсемінің қайтыс болуына орай мектепке В.И. Ленин есімі берілді. Жиырма бірінші шақырылған халық депуттары Түркістан қалалық кеңесі он төртінші сессиясының 1993 жылғы 27 наурыздағы қаулысы бойынша